Ким Чен Ын АҚШ-пен бітімге келуге әзір – БАҚ

0
87
дереккөзден

КХДР басшысы Ким Чен Ын АҚШ-пен бейбіт келісім жасасып, бітімгершілік қатынас құруға ниетті. Бұл туралы бүгін Tona Ilbo оңтүстік кореялық басылымы Корея Республикасы басшысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылым дереккөзі Ким Чен Ынның түпкі мақсаты – АҚШ-пен қалыпты дипломатиялық қатынас құрып, бейбіт келіссөз жасасу, сондай-ақ Пхеньянда Америка елшілігін ашу, деп хабарлайды. Ким Чен Ын сондай-ақ Дональд Трамппен кездесу барысында Корей түбегінің ядролық қарусыздануына да қатысты әңгіме қозғауы мүмкін, деп жазады ТАСС.

Бейсенбіде Корея Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қауіпсіздік басқармасы басшысы Чон Ый Ён Вашингтонда журналистер алдында жасаған мәлімдемесі барысында осы жылдың мамыр айына дейін Д. Трамп Ким Чен Ынмен кездесу өткізуге дайын екенін жариялады. Ақ үй баспасөз қызметі басшысы Сара Сандерс АҚШ президенті КХДР басшысының шақыруын қабылдайтынын, «кездесу уақыты мен орнын әлі айқындау қажеттігін» хабарлады. Дегенмен, өткен жұмада С. Сандерс Пхеньян өз ядролық жобаларын тоқтатуға бағытталған нақты іс-шараларды жасамайынша, Трамп пен Ким Чен Ын арасында келіссөздер болмайтынын алға тартты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз