Әлемде алғашқы шусыз дыбыстан жылдам ұшақ шығарылды

0
18

Ұшаққа «X – 59» деген ат берілген. Ендігі оны жасап шығарушылар осы эксперименттік ұшақты пайдалана отырып, дыбыс жылдамдығынан жылдамырақ ұшуға қабілетті коммерциялық ұшақтарды жасауға тырысады.

50 жыл бойы АҚШ және басқа да елдер жердегі елді мекендерде қатты, таңқаларлық дыбыстық соққылардан туындаған алаңдаушылыққа байланысты дыбыстан жылдам ұшақтың ұшуына тыйым салған.

Алайда жаңадан шығарылған дыбыстан жылдам ұшақтың артықшылығы шу шығармайтындығында.

X-59 дыбыс жылдамдығынан 1,4 есе немесе 1488 км/сағ жылдамдықпен ұшады деп күтілуде. Оның дизайны, пішіні және технологиясы ұшақтың осындай жылдамдыққа жетуіне мүмкіндік береді.

Ұшақ алғаш рет осы жылдың соңында ұшады деп күтілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз