Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналаса алады

0
51
ortcom.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдері онлайн-форматта келіссөздер жүргізді.

Келіссөз барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның «Employment permit System» жүйесіне (бұдан әрі – EPS) енгізу мәселесі талқыланды.

«Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Кездесуге Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансеитова және Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің Шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысты.

Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушыларға EPS жүйесі шеңберінде кореялық дайындық орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

«Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылай отырып, тараптар жемісті және сындарлы өзара іс-қимылға, сондай-ақ еңбек көші-қоны шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді», – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз