Ливияда қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты

0
102

Ливияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 11,3 мыңға жетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy.kz сілтеме жасап. Бұл туралы Associated Press ливиялық Қызыл Жарты Ай қоғамына сілтеме жасап хабарлады.

«Гуманитарлық ұйым тағы 20 мың адамның із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында екенін айтты. Оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Еске салайық, дүйсенбіге қараған түні Ливияның Дерна қаласында су тасқыны болды. Табиғат апатынан Дерна қаласы айрықша зардап шеккен. Биліктің мәліметінше, мұнда 6 мың адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Аса қайғылы оқиғаға байланысты Ливия премьер-министрі Абдель Хамид Дбейба үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз