Жер сілкінісінен қаза болғандар саны 3 мыңға жуықтады

0
121

Мароккода іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі 24.kz сілтеме жасап.

Соңғы ресми мәліметке сәйкес, 6,8 баллдық жер сілкінісінен 2 мың 946 адам опат болды. 5 жарым мыңға жуық тұрғын жарақат алған.

Марокко тарихындағы бұл ауыр апат 8 қыркүйек күні Жоғары Атлас тауына жақын аймақта болды.

Үкімет жер сілкінісінің барлық құрбандарына көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз