Алматыда пәтер алуға кеңес берілмейтін тұрғын үй тізімі шығарылды

0
125
Тұрғын үй құрылысы.

Алматы қаласының әкімдігі толық құжаттаманың болмауына байланысты жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін дайындады:

  1. «Бағанашыл» ТК – Бостандық ауданы, Мамыр ауылы, 138/2, 138/3

Тапсырыс беруші: жеке тұлға

Сараптамалық қорытынды – жоқ;

Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама – жоқ.

Мақсаты: бау-бақша өсіру үшін.

Бастапқы құжаттардың күшін жоюға талап арыз берілді.

  1. «Priority» клуб үйі – Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 194

Тапсырыс беруші: жеке тұлға

Сараптамалық қорытынды – жоқ;

Жоба эскизі – жоқ;

Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама – жоқ.

Мақсаты: тұрғын үйді пайдалану және күтіп ұстау үшін.

Нұсқама бере отырып, ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды.

Нұсқаманы мәжбүрлеп орындау үшін сотқа талап қою басталады.

  1. «Sofia Village» таунхаусы- Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, Чапаев ШҚҚ, 1115/1.

Тапсырыс беруші: жеке тұлға

СЖТ – жоқ;

Жоба эскизі – жоқ;

Мақсаты: жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін;

ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды және құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

  1. «Питтсбург» ТК- Алатау ауданы, Дархан шағын ауданы, Сабатаев көшесі, 24

СЖТ – жоқ;

Жоба эскизі – жоқ;

Сараптама – жоқ;

Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама – жоқ.

Мақсаты: өнеркәсіптік және өндірістік ғимарат үшін.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталған жоқ.

  1. «Sky Park» ТК – Медеу ауданы, Тайманов көшесі, 151

Тапсырыс беруші: Атриум Плюс ЖШС

СЖТ – жоқ;

ЭЖ – жоқ;

Сараптама – жоқ;

Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама – жоқ.

Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім бар.

Еске салайық, салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құжаттарының бар-жоғын қала құрылысын бақылау басқармасының Whatsapp желісіндегі +7 705 89 66 000 білуге болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз