Мексикада көпір құлап, 15 адам қаза тапты

0
165

Мексика астанасы Мехикода метрокөпір құлап, 70-тен астам адам зардап шекті, 15 адам қаза тапты. Бұл туралы Риа новости сайты хабарлады. 

Көпір үстіндегі пойызбен бірге қаланың оңтүстік-шығысында Оливос және Тесонко станциялары тұсында құлаған. Мехико метросы Солтүстік Америкадағы ең ірі метрополитендердің бірі.

Метрокөпірдің құлаған аймағы қоршауға алынып, барлық кіреберістер жабылған. Жедел жәрдем қызметінің көліктеріне ғана кіруге рұқсат берілген. Әзірге көпірдің неліктен құлағаны хабарланбады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз