Қазақстанға Үндістаннан келгендер 14 күн карантинге жатады

0
285

4 мамырдағы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үндістаннан келген жолаушылардың 14 күн карантинге жататынын хабарлады.

Цой сейсенбі күнгі жиында үнді штамынынан қорғану шаралары туралы айтты. Қазіргі уақытта Үндістанда 3 447 133 адам коронавирустан емделіп жатыр. Күніне 300 мыңнан астам адам вирус жұқтырады. Ауруханалар мен крематорийлерде орын қалмағандықтан науқас қабылдамай, қайтыс болғандарды көшенің ортасында өртеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Үндістанда ковидтен қайтыс болғандарды көшеде өртеп жатыр (фото)

“Үндістандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Үндістан аумағында таралған штаммның алдын алу бойынша шаралар қабылданды. Қазақстанға, оның ішінде үшінші елдер арқылы келетін және Үндістаннан соңғы 14 күн ішінде келген адамдар ПТР және вакциналау әдісімен covid-19 анықтамасының бар жоғына қарамастан, 14 күн карантинге жатады” – деді Үкімет отырысында министр А.Цой.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз