Метеорлар дабыл қағуда: ыстық ауа райы түнде де басылмай тұр

1
181
photo: almaty.tv

Бірден әлемнің бірнеше елінде әдеттен тыс жоғары температура байқалып жатыр. Оның ішінде, Еуропаның оңтүстігінде, сондай-ақ АҚШ пен Қытайда әдеттегіден жоғары температура тіркелуде. Соңғы екі елде температура Цельсий бойынша 50 градустан жоғары көтерілген, деп хабарлайды Kazaknews.kz шетелдік БАҚ бетіне сілтеме жасап.

Ауа температурасы материктік Италияның оңтүстігінде максимум 43°C дейін көтеріледі деп болжануда. Кейінгі болжамға сәйкес, Испанияның оңтүстігінде максималды температура 46°C, ал Францияның оңтүстігінде 40°C жетеді.

Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-батысында да аптап ыстық басым. Метеорологтар 38 қалада температура рекорды бұзылуы мүмкін деп ескерту жасаған.

Өткен жексенбіде Калифорнияның ең ыстық аймағында 53,9°C тіркелген. Сонымен қатар, тарих бойынша Жердегі ең жоғары температура осы аймақта тіркелген. 1911 жылы термометр бағанасы 56,7°C дейін көтерілген.

Американдық сарапшылар бұл жылу толқынының басты проблемасы күндіз температураның жоғарылауы емес, түнде жеткілікті түрде төмендемеуі деп санайды.

Британдық метеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша, жексенбіде Қытайда ел тарихындағы ең жоғары температура тіркелген. Шыңжаң провинциясында термометр 52,2°C дейін көтерілді.

Ал, Қазақстандағы жағдай бойынша Қазгидромет қызметі алдағы үш күнге үш мегаполиске ауа райы болжамын шығарған. Метеоролог мамандар Астанада 18-20 шілде аралығында, күндіз ауа температурасы 36 градустан 25 градусқа дейін, күн сайын төмендейтінін жазған. Дәл осы күндер аралығында Алматыда 30-42 градус аралығында ыстық күтіледі. Ал, Шымкентте үш күн қатарынан 34-38 градус ыстық болады.

1 ПІКІР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз