“Oscar” сыйлығының иегерлері анықталды

0
171
"Оскар" сыйлығы. Сурет: The Guardian

12 наурызда АҚШ-та Голливудтағы әйгілі Dolby Theatre сахнасында Америка киноакадемиясының “Оскар” жүлдесін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бұл шара осымен 95-шы мәрте ұйымдастырылды.

Всё везде и сразу
“Барлығы барлық жерде және бірден” фильмі

“Оскар” сыйлығының иегерлері:

  • Үздік фильм — “Барлығы барлық жерде және бірден”
  • Үздік режиссер — Дэн Кван, “Барлығы барлық жерде және бірден”

  • Үздік актер — Брендан Фрейзер, “Кит” фильмі

  • Үздік актриса — Мишель Йео, “Барлығы барлық жерде және бірден”

  • Үздік саундтрек — “Батыс майданда өзгеріс жоқ”

  • Үздік анимациялық фильм — “Пиноккио” Гильермо дель Торо

  • Қосалқы рөлдегі үздік ер адам — Ке Хюи Куан, “Барлығы барлық жерде және бірден”

  • Қосалқы рөлдегі үздік әйел — Джейми Ли Кёртис, “Барлығы барлық жерде және бірден”

  • Шетел тіліндегі үздік фильм — “Батыс майданда өзгеріс жоқ”

  • Үздік деректі фильм — “Навальный”

  • Үздік монтаж — “Барлығы барлық жерде және бірден”, Пол Роджерс

  • Үздік оператор — “Батыс майданда өзгеріс жоқ”, Джеймс Фрэнд

  • Үздік визуалды эффектілер — “Аватар 2”

  • Үздік грим және шаш үлгісі — “Кит”, Эдриан Морот, Джуди Чин, Энн Мари Брэдли

  • Үздік анимациялық қысқаметражды фильм — “Бала, көртышқан, түлкі және жылқы”
    Чарли Маккензи, Мэттью Фрейд

  • Үздік қысқаметражды деректі фильм — “Піл арбаушылар” Гунит Монга, Картики Гонсалвес

  • Үздік әуен — “Naatu Naatu” М.М. Кеервани, Chandrabose

  • Үздік қысқаметражды ойын фильмі — “An Irish Goodbye”, Том Беркли, Росс Уайт

  • Үздік бейімделген сценарий — “Әйелдер айтады”, Сара Полли

  • Үздік түпнұсқа сценарий — “Барлығы барлық жерде және бірден”, Дэн Кван, Дэниэл Шайнерт

  • Үздік костюмдер — “Қара Пантера – Ваканда мәңгіге” фильмі

  • Үздік қоюшы-дизайнер — “Батыс майданда өзгеріс жоқ”

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз