Ресей мен Иран Тегеранға СУ-35 жойғыш ұшағын жеткізуге келісті

0
122
фото: iz.ru

Ресей мен Иран арасында СУ-35 жойғыш ұшағына байланысты келісім болған. Бұл туралы Иран тарабы мәлімдеме жасағанымен Мәскеу ресми ақпарат таратпады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

“Су-35 жойғыш ұшақтары техникалық тұрғыдан Иранға жарамды және Иран оларды сатып алу туралы келісімді бекітті”, – деп IRIB ирандық телерадиокомпаниясы хабарлаған.

Ирандық БАҚ-тың дереккөзі келісім сомасын және оның егжей-тегжейін жарияламаған. Ол Иранның тағы бірнеше елден әскери ұшақтар сатып алуға қызығушылық танытып жатқанын хабарлаған.

Ресей мен Иранның әскери-техникалық ынтымақтастығы “Батысты” қатты алаңдатуда. Өткен жылдың соңында АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби бұл екі ел бір-біріне бұрын-соңды болмаған әскери қолдау көрсете бастағанын айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз