Пәкістандағы ұшақ апаты: 97 адам қаза тапты, 2 адам аман қалды

0
152

22 мамыр күні Пәкістанда болған ұшақ апатынан 97 адам қаза тапты. Жұма күні “Пәкістан халықаралық әуе желісінің” ұшағы елдің оңтүстігіндегі Карачи қаласында тұрғын үйлердің біріне құлаған.

Жергілікті шенеуніктер апат орнында 97 мәйіттің табылғанын хабарлаған.

Бортында 91 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған Airbus А320 ұшағы Лахор қаласынан Карачиге ұшқан. Билік мәлімдемесінде екі адамның тірі қалғаны жазылған. Қаза болған 17 адамның аты-жөні анықталған.

Аман қалғандардың бірі Мухаммад Зубаирдың Geo TV арнасына айтуынша, ұшақтың дөңгелегі жерге тиіп, қайта ұшқан, шамамен он минуттан соң ұшқыш қайта қонуға әрекет жасайтынын хабарлаған. Бұдан соң ұшу-қону жолағына жақындаған кезде ұшақ құлаған.

Пәкістанның ішкі істер министрі Иджаз Ахмад Шах ұшақта ақау болғанын мәлімдеді, жол апатына дейін ұшқыш қозғалтқыштың істен шыққанын хабарлап, сигнал жіберген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз