Ресей Латвияға санкциямен сес көрсетті

0
79

Ресей Федерациясы Латвияны экономикалық санкциямен жазаламақ. Дүйсенбі күні Латвия президенті Раймондс Вейонис Республикадағы орта білімді тек латыш тілінде оқытуға көшу туралы заңға қол қойған болатын.

Мәскеу билігі Латвияның бұл бастамасын орыс тілінде сөйлейтін халықты «мәжбүрлеп ассимиляциялау» мақсатымен жүргізілген «кемсітушілік» реформа деп атады.

Латвиядағы орыс тілдің мәртебесіне қатысты түзетулерді қоғам қайраткерлері мен саяси партиялардың, орыс тілді халықтың, қоғамның наразылығына қарамастан Рига билігі 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енгізбек.

Бірнеше айдан бері елдегі орыс тілді мектептердің қорғаушылары Латвия билігі қабылдаған түзетулерге қарсы наразылық білдіруде.

Латвия билігі білім туралы заңға енгізілген өзгерістерді оқушылардың сапалы білім алуы мен елде жақсы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Елдің әл-ауқатын арттырумен қоса қоғамның бірлігін арттырады деп түсіндіреді. 

Латыш тілі – елдегі жалғыз ресми тіл. Этникалық орыстар Латвияның жалпы халқының төрттен бір бөлігін құрайды. Оның 40% шетел азаматы ретінде орыс тілінде сөйлейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз