Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып қайта сайланды

0
124
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев. Сурет: REUTERS

9 шілдеде Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Бұл, конституцияға өзгеріс енгізілгеннен кейін жасалған алғашқы сайлау. Өзгеріс бойынша енді президент 5 жыл емес, 7 жылға сайланады.

Сайлау нәтижесі бойынша қазіргі басшы Шавкат Мирзиеев, әрі қарай қызметін президенттік мақамда жалғастыра береді. Ол, алдын-ала нәтиже бойынша 87,05 пайыз дауыс жинаған.

Жергілікті орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, екінші орында “Адолат” социал-демократиялық партиясының кандидаты, Жоғарғы Сот Төрағасының Бірінші орынбасары Робахон Махмудова (4,43%), үшінші орында халықтық — демократиялық партияның төрағасы Ұлықбек Иноятов (4,02%), төртінші орында экологиялық партияның жетекшісі Абдушукур Хамзаев (3,74%) тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз