Стамбулда әскери тікұшақ көшеге құлап 4 адам қаза тапты

0
102
Түркия. Стамбул қаласы. Санжактепе ауданы.

Түркияның Стамбул қаласының Санжактепе ауданында әскери тікұшақ құлады. Kazakistan.kz хабарлауынша, әскерилердің төртеуі қаза тауып, бірі жараланды.

Анадолу Бас прокуратурасы апатқа байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Әскери тікұшақ Санжактепе ауданы Топчулар көшесіндегі 4 қабатты ғимараттың шатырын жанай өтіп бос аймаққа құлаған. Көп ұзамай полиция, өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметкерлері келіп жеткен. Жараланған сарбаз ауруханаға жеткізілді.

UH-1 тікұшағы әуе жаттығуларын жасау үшін көтерілген.

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар:

“Тікұшақта 4 офицер және 1 сержант болған. Сағат 11.02-де ақау шығып, артынша апат орын алды. Оқиғадан кейін 4 офицерімізден айырылып қалдық. Жаралы сержант операцияда жатыр. Әскерилеріміз ешкімге зиян келтірмей бос аймаққа құлауға барынша тырысқан. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр”.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз