Астанаға 2 мың тоннадан астам көмір жеткізілді

0
92

Астанада көмірдің жалпы қоры 12 228,89 тоннаны құрайды, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Сәрсенбіде Астанаға көмірдің 2087 тоннасы жеткізілді. Оның 624 тоннасы –  «Шұбаркөл», 694 тоннасы – «Қаражыра», 769 тоннасы – «Майкөбе» маркалы көмір.  Айта кетейік, Астанада «Қаражыра» көмірінің тоннасының бағасы – 14 000, «Майкөбе» тоннасы – 12 500, «Богатырь көмірінің» тоннасы – 9 500, «Кузнецкий» тоннасы – 12 500 теңге.   Астанада отын сатумен айналысатын 8 компания бар.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаны көтермеу жөнінде меморандумға қол қойған болатын.

Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, оны үнемі бақылауында ұстап отыр. «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз