Түркия НАТО ұйымынан шығуы мүмкін

0
98
дереккөзден

Түркия Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу Анкараға қатысты одақтастықтың дұшпандық саясатына байланысты елдің НАТО-ға мүше болу мәселесін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді деп хабарлайды Haberturk.

«Біздің НАТО-ға мүшелігімізді қарастыратын уақыт келді. Өз мүшесіне дұшпандық танытатын ұйымның бізге қажеті жоқ. Осы ұйымдағы біздің мүшелігіміз туралы мәселе Түркия парламентінде шұғыл түрде қаралуы тиіс», – деді Я. Топчу.

Ұйымды сынаудың себебі Trident Javelin НАТО  оқу-жаттығу жұмысының ұйымдастырушылары әскери бірлестік жауынгерлерінің «жаулары» қатарына Түркия Республикасының негізін қалушы Мұстафа Кемал Ататүрік пен  қазіргі Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанды қосты.

«Біздің еліміз бен сайланған президентке қатысты дұшпандық сатқындық үні естіледі, біз НАТО жаттығуларында көрсетілген төмендік, арамдық және ұят туралы айтып отырмыз, онда дұшпандық ниетпен Ататүріктің суреті және Ердоғанның есімі қолданылды», – деп атап өтті Я. Топчу.

Бұған дейін оқу-жаттығу кезінде Түркия президентінің есімі «НАТО-ға дұшпандардың» қатарына қосылған. Кейіннен альянс болған жайтқа қатысты кешірім сұрады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз