Танымал баскетболшы тікұшақ апатынан қаза тапты

0
162
Америкалық танымал баскетболшы Коби Брайант. Photo: Businessinsider

26 қаңтар күні америкалық танымал баскетболшы Коби Брайант Калифорнияда тікұшақ апатынан қаза тапты. 

Спортшының жеке тікұшағы ұшып бара жатқанда өртеніп, жерге құлаған. Коби Брайант 41 жасында өмірден өтті.

Ол 1996-2016 жылдары “Лос-Анджелес Лейкерс” баскетбол командасының қорғаушысы болған. Ол мектеп бітірген соң, 1996 жылы “Лос-Анджелес Лейкерс” клубына қабылданып, 20 маусым осы команданың сапында NBA жарысына қатысқан. Бес рет NBA турнирінде жеңіске жеткен. 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Төрт рет Жұлдыздар матчының үздік ойыншысы деп танылған.

АҚШ құрамасы сапында екі дүркін олимпиада (2008, 2012) чемпионы атанған. 2018 жылы Брайант “Қымбатты баскетбол” мультфильмі үшін “Оскар” сыйлығын алған.

Америкалық Sports Illustrated журналы Коби Брайантты онжылдықтың ең үздік бес спортшысы қатарына қосқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз