Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
33
Photo: astana.gov.kz

27 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті “Қазгидромет” РМК деректері бойынша қар, бұрқасын күтілетінін хабарлады.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кейбір жерлерде 23-28 м/с. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына:

– мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

– көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

– құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын;

– мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектесін;

– автокөлігіңізді  гаражға қойыңыз, гараж болмаған жағдайда ағаштардан және ескі құрылыстардан, әлсіз құрылыстардан алыс қойыңыз. Төтенше жағдай туындаған кезде “112” нөміріне қоңырау шалыңыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз