Танымал «Слово пацана» сериалының актері сотталып жатыр

0
32
фото: starhit.ru, Никита Кологривый и Сергей Базанов

Танымал сериалдың эпизодтарында ойнаған актер Сергей Базановты, Мәскеудің Замоскворецкий соты «кісі өлтірді» деген айыппен екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Toppress.kz-ке сілтеме жасап.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Базанов, Мәскеу аумағында «қарақшылық шабуыл жасау және өлтіру мақсатында өзімшіл ниетпен топ құрамында әрекет еткен». Оған Ресейдің қылмыстық кодексінің 105-бабының 2-бөлігі “ж”, “з” тармақтары бойынша айып тағылған.

БАҚ қызметтерінің хабарлауынша, актер 2011 жылы жергілікті кәсіпкерді қылмыстық топпен ұйымдасып өлтірген.

Оқиға барысында, күдіктілер кәсіпкердің сөмкесін ұрламақ болған. Алайда, оның қарсылығынан кейін басынан оқ атып, жаралаған. Кәсіпкер, ауруханада қайтыс болады. Ал, сөмкенің ішінде шамамен 900 мың АҚШ доллары болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз