Жаңажылдық отшашуды тек 30-31 желтоқсан күндері ғана атуға рұқсат

0
37

Мерекеге дейін және одан кейін отшашу атуға болмайды. Полицейлер тәртіп бұзған тұрғындарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеді.

30-31 желтоқсаннан тыс күндері туған күн немесе той шаралары үшін, жергілікті әкімшіліктен рұқсатнама алыну керек.

Полицейлер отшашу кезінде ғимарат, көлік немесе ағаштан кемі 50 метр алыс тұру қажеттігін айтады. Себебі, табан астында ойыннан от шығуы мүмкін.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі 25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау бөлімшелерімен бірлесіп, “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады:

  • Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасағаны үшін 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл салынады (ӘҚБтК 196-бабы).
  • Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi пиротехниканы қолдана отырып бұзғаны үшін 69 000 теңге мөлшерiнде айыппұл салынып, пиротехникалық бұйымдар тәркiленеді (ӘҚБтК 436-бабы).
  • Адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-тен таңғы 10:00-ға дейін тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 17 250 теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 69 000 теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 103 500 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 345 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынады (ӘҚБтК 437-бабы).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз