Украинада қазақстандықтардың жеке дерегін таратқан веб-ресурс құрықталды

0
90
photo: folga.com.ua

8 қарашада Украина киберполициясы Қазақстан, Украина, Молдова, Беларусь және басқа да ТМД елдері азаматтарының жеке дерегін заңсыз таратқан сайттың жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Украина ішкі істер министрлігі хабарлады.

“Бірлескен іс-қимылдар нәтижесінде 200 миллионға жуық адамның, оның ішінде Украина, Молдова, Беларусь, Қазақстан және басқа да ТМД елдерінің азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ең ірі веб-ресурстардың бірі локализацияланды және тоқтатылды”- делінген хабарламада.

Сайтта азаматтардың телефоны, тегі, аты, әкесінің аты, тіркелген жері, кейбір жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға байланысты көрсетілетін әкімшілік қызметтер туралы ақпараттар болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз