Кәсіпкерлер палатасы Нұр-Сұлтан әкімдігінің шешіміне қарсы шықты

0
127
Сауда ойын-сауық орталығы.

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы астана әкімдігінің вакцина салдырмаған қазақстандықтарға сауда ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салуына қарсылық білдірді. Бұл жөнінде ulysmedia.kz сайты хабарлады. 

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда СОО-ға “жасыл” мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады

8 қарашадан бастап “көк” статусы бар қазақстандықтар Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарына кіре алмайды. Пилоттық жобаны жүргізу туралы шешімді коронавирус инфекциясының таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдаған. ҰКП мамандары сауда және ойын-сауық орталықтардағы кафе мен мейрамханалар келушілер, сатып алушылардың 25%-ын жоғалтуы мүмкін деп санайды.

 “Ashyq жобасының деректерін саралап, біз республика бойынша сауда ойын-сауық орталығына келушілердің  25%-ы “көк” статуспен екенін көріп отырмыз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  “MEGA PLAZA” ЖШС келушілер арасында талдау жүргізіп, онда “жасыл” статусы бар келушілер саны “жасыл” жұмыс күндері енгізілмесе де өсіп жатқанын көрсетті. Бірінші кезекте сауда орталықтарына кіруді шектеу жалға алушылар қызметкерлеріне кері әсер етеді, олардың еңбекақсының бонус бөлігі азаяды. Ал сатып алушылар азайса, бұл жайт жалға алушылардың “арзанқол” сауда нарығына кетуіне себеп болады”, – дейді “Атамекен” ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

ҰКП мамандары “көк” статус салдарынан сауда және ойын-сауық орталықтарына кіре алмаған қазақстандықтар бәрібір сауданы көше сауда, базарлар, шағын дүкендерде жасап немесе интернет арқылы тапсырыс беретінін, осылайша вакцина салдырмай-ақ бейтараптық сақтап қалатынын айтады.

“Сауда және ойын-сауық орталықтарына кіруді шектеу негізсіз деп санаймыз, өйткені сауда нысандарында қажетті аудан, тұрақты дезинфекциялау, жуу жүргізіледі, ауаны желдету жүйесі қарастырылған, әлеуметтік арақашықтық сақтауға мүмкіндік береді. Осы ретте халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай кезек жиналатыны белгілі. Жаз мезгілінде азаматтар нысан ішінде ғана емес, көшеде де күтуге мәжбүр болды. Бүгін көшеде тұру ауа райына байланысты мүмкін емес. Дегенмен, ұйымға статус бойынша шектеу қойылған жоқ”, – деген ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, әзірге бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілмеген. Бүгінгі қаулыға сәйкес, “қызыл” аймақтағы өңірлер ғана қатаң шектеу шараларын белгілей алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз