Украинада соғыс басталғалы 12 миллионға жуық адам үйлерін тастап кеткен

0
159
People cross the border from Ukraine into Romania at Siret Customs, in Suceava, Romania, February 24, 2022. Inquam Photos/Casian Mitu via REUTERS ATTENTION EDITORS - THIS IMAGE WAS PROVIDED BY A THIRD PARTY. ROMANIA OUT. NO COMMERCIAL OR EDITORIAL SALES IN ROMANIA

Ресей әскері Украина аумағына басып кіргелі бері шамамен 12 млн азамат үйлерін тастап кеткен. Бұл жөнінде Украина жоғарғы радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецке сілтеме жасап BBC Russian мәлімдеді.

4,9 миллионы Украинаның қауіпсіздеу аймақтарына шоғырланған, ал 7 миллионы елден кеткен.

Лубинецтің айтуынша, Украинаның соғыс жүріп жатқан аудандарында және Ресей басып алған аумақтарда 13 млн азамат қалған.

Ресей Украинаға 2022 жылы 24 ақпанда басып кірген. БҰҰ мәліметінше, әскери қимылдардың салдарынан 6702 бейбіт азамат қаза болған, 424-і – бала. Ұйым өкілдері мәлімет әлі толығуы мүмкін екенін айтады.

Украина билігі ондаған мың Ресей әскери қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғаған, Киев оларды бейбіт азаматтарға қарсы қылмыс жасады деп айыптайды. Ресей бейбіт азаматтардың өліміне қатысы барын мойындамайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз