Қырғызстан президенті қатысқан көкпарда жаппай тәртіпсіздік орын алды

0
57

Қырғызстанда көкпардан Президент кубогының финалы өтті. Көптеген көрермендер матчтың нәтижесіне наразы болғандықтан, жаппай тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлады «24.kg».

Қырғызстанның Ош облысында екі команда арасында Президент кубогының финалы өтті. Ойынның нәтижесі бойынша жеңіс командалардың біріне бұйырды, бұл көптеген көрермендерді ренжітті. Нәтижесінде, судья соққыға жығылды, алаңда тәртіпсіздік басталды.

Қатысушылардың бірі Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Бас прокурор және Жоғарғы сот төрағасын матч қорытындысынан кейінгі көрермендердің жаппай наразылығына реакциясын да түсіріп алған.

Ош облысының ішкі істер басқармасының мәліметінше, ойынды тамашалауға 40 мыңға жуық адам келген. Аталғат тәртіпсіздік бойынша тергеу басталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз