Қырғызстанда сайлауға келмегендерге айыппұл салынуы мүмкін

0
111
Photo: liter.kz

Қырғызстанда президент пен Жогорку Кенеш (Парламент) депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруді өткізіп алғаны үшін айыппұл салуды ұсынбақ.

Мұндай өзгерісті жергілікті билік, “Қырғызстан президенті мен ЖК депутаттарын сайлау туралы” заңға енгізгісі келеді. Құжат Жогорку Кенештің сайтында талқылауға шығарылған.

Түзетулерге сәйкес, кез – келген қырғызстандыққа Қырғызстан президенті мен ЖК депутаттарын сайлауда дауыс беруден бас тартқаны үшін 50 айлық есептік көрсеткішке айыппұл салынуы мүмкін. Бұл 5000 сом (25324 теңге/17.07.2023). Алайда дәлелді себеппен келе алмағандар үшін айыппұл салынбайды. Бірақ, мұндай себептердің критерийлері заң жобасында жазылмаған.

Дәлелді анықтамада көптеген Еуропа елдерінде, Австралияда, Бразилияда, Түркияда дәлелді себептерсіз сайлауға қатыспаған азаматтарды жауапқа тарту тәжірибесі бар делінген. Құжаттағы ақпаратқа сәйкес, бұл шара сайлау өткізу кезінде жеткілікті түрде сайлауға халықтың қатысуын қамтамасыз етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз