Қытайда су тасқынынан 12 адам қаза тапты

0
342
Су тасқынынан зардап шеккен Чжэнчжоу қалас. Photo: BBC

Қытайдың Хэнань провинциясының әкімшілік орталығы Чжэнчжоу қаласында су тасқыны болып, кемінде 12 адам қаза болды. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап RFL/RL хабарлады.

Қалада үш күннен бері толастамай жауған жауын-шашынның салдарынан метро станциялары бітеліп, қала көшелері өзенге айналған. Синьхуаның жазуынша, 100 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан көшелерде көліктер мен қалдықтардың ағып бара жатқаны көрінеді. Адам жанын түршіктіретін кейбір видеолардан метро станцияларынан шыға алмай, мерт болған жолаушылардың денесінің су бетінде қалқып жатқаны көрінеді.

Болжамға қарағанда, жауын-шашын апта ортасына дейін тоқтамайды. “Мұндай жауын-шашын жүз жылда бір рет болады. Жағдай қорқынышты” делінген Чжэнчжоу қаласының су тасқынымен күрес жөніндегі басқармасының хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз