Қытайдан ғарышқа үш спутник ұшырылды

0
155
Фото: Kevin Frayer / Getty Images

Дүйсенбі күні Оңтүстік Қытайдың Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан үш спутник ұшырылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Шицзянь-23», «Шиянь-22А» және «Шиянь-22Б» спутниктері Бейжің уақытымен 06:00-де «Чанчжэн-7» зымырантасығышының жаңартылған нұсқасының көмегімен ұшырылды және жоспарланған орбитаға сәтті шыққан.

«Шицзянь-23» спутнигі ғылыми зерттеулер мен техникалық тексеру жүргізу үшін қолданылса, «Шиянь-22А» және «Шиянь-22Б» орбитада жаңа технологияларды сынақтан өткізуге пайдаланылады.

Бұл – «Чанчжэн» зымырантасығышының 459-ұшырылымы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз