Киіктерге байланысты мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды – Министрлік

0
158
фото: Pixabay

Киіктердің санының азаюына байланысты (2003 жылы  21 мың басты құрады) ҚР Үкіметі киіктерді пайдалануға мораторий енгізген, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Экология министрлігінің ақпараты бойынша қабылданған шаралардың арқасында бүгінгі күні  киік саны 1,3 млн. басқа (төлдеу кезеңіне дейін) жетіп отыр, айта кету керек, олардың оңтайлы саны 700-800 мыңды құрайды.

Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жануарлары мен киіктердің арасында жайылымдар  мен суаратын жерлер үшін бәсекелестік күшейіп, киіктердің егін таптау жағдайлары жиілеген.

Осыған байланысты, министрлік 2023 жылы киік популяциясын басқару жөніндегі биологиялық негіздеме аясында оларды ғылыми зерттеуді жоспарлады, оның барысында мынадай мәселелер зерделенетін болады:

1) киік популяцияларының даму болжамы;

2) киіктердің ареалы мен көші-қон жолдарын нақтылау;

3) киіктердің азықтық базасын зерделеу;

4) ауыл шаруашылығымен бәсекелестікті төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Осыған байланысты, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ғылыми-зерттеу жұмыстары кезеңінде 2022 жылғы 28 желтоқсандағы бұйрықпен Республиканың бүкіл аумағында  киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға мораторийді ғылыми негіздемеге сәйкес 2024 жылға дейін ұзартты.

Қазақстан Республикасының аумағында киіктердің дүниежүзілік популяциясының 90% – дан астамы мекендейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз