Өзбекстанда «Док-1 Макс» дәрісін ішкен 18 бала көз жұмды

0
311
фото: Darakchi

Өзбекстанда тұмауға қарсы үнді дәрісі “Док-1 Макс” препаратын қолданғаннан кейін 18 бала қайтыс болған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қазақпарат Өзбекстанның дәрілік заттарды сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының қорытындысына сәйкес, «Док-1 Макс» шәрбаты белгіленген талаптарға сай болмай шыққанын хабарлайды.

«Док-1 Макс» шәрбатында кездесетін этиленгликоль заты науқастың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта импорттаушы компания «Quramax Medical» ЖШҚ және «Дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығы» ЖШҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарламасында.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі «Док-1 Макс» препаратын қабылдаған 18 баланың көз жұмғанын растайтын тексеру нәтижесін жариялады. Ал Қазақстан билігі бұл дәрінің елде тіркелмегенін және сатылымда жоқ екенін хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз