Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалды

0
228
Жапония экс-премьер-министрі Синдзо Абэ.

8 шілдеде Жапонияның экс-премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Украина Сейчас телеграм арнасына сілтеме жасап.

Синдзо Абэ халық алдында сайлау туралы сөз қозғаған уақытта белгісіз біреу оған артынан бытыралы мылтықпен екі рет оқ атқан. Оқиға орнынан Синдзо Абэні ауруханаға алып кеткен.

Kyodo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша жарақат салдарынан экс-премьердің өкпесі жұмыс атқармай жүрегі тоқтаған. Алайда Синдзоның өлімі туралы ақпарат шықпады.

Ал оқ атқан күдікті, 40 жастағы ер адам оқиға орнында қолға түсті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз