Жойқын “Мангхут”

0
70
иллюстративті сурет/дереккөзден

Филиппиндегі “Мангхут” дауылынан құрбандар саны артуда. Соңғы ақпарлар бойынша, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 59 адам, 47 адам жарақат алған, 16-сы хабар-ошарсыз кеткен.

Тайфун 15 қыркүйекте Филиппиндегі Кагаян аймағына соғып, Лусон аралдарын толықтай шарпыды. Жылдамдығы –  200 шақырым/метр. Апат салдарынан тұрғын үйлер құлап, электр энергиялары мен байланыс үзілген. Жергілікті билік мектептерді жауып, тұрғындарды қауіпсіз орындарға көшірді. Бұған дейін Филиппинге жойқын дауыл жақындап келе жатқаны туралы хайбарланған еді.

Қытайда қызыл деңгей

Қытайда “Мангхуттың” жақындауына байланысты қауіпсіздіктің қызыл деңгейі жарияланды.

Тайфун оңтүстік Қытайдағы Гуандун елді-мекенінің Чжухай және Чжаньцзян қалаларын шарпиды деп күтілуде, дауылдың жылдамдығы секундына 45-52 метрді құрайды. Қытайдың ұлттық метреологиялық орталығы “Мангхут” аспан асты елінің аумағына енген ең қуатты тайфун болады деп болжауда. Ел билігі қауіпсіздік шараларын қолға алды.

АҚШ “Флоренстен” зардап шегуде

Дәл осы уақытта АҚШ-та “Флоренс” апатты дауылы ұйытқи соғуда, салдарынан Солтүстік Каролинда 11 адам қаза тапты. Дауылдан жауын-шашын еселене жауып, жолдар жабылды, су тасқыны күтілуде.

Трамп “Флоренсты” соңғы он жылдағы ең қуатты дауыл деп атады. Енді АҚШ жағалауына төрттік деңгейдегі күшті дауыл жақындап келеді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз