АҚШ Тумсборо қаласын 1,7 млн долларға сатып жатыр

0
122

Тумсборо қаласы АҚШ-тың Джорджия штатында орналасқан. Сатып алушы 1,7 млн долларға қаладағы барлық ғимаратты иемдене алады. Атап айтсақ, тұрғын үйлер, мейрамхана, қонақ үй тіпті, опера театры да бар. 

Сонымен қатар, банкет залы, банк ғимараты, мақта сақтайтын қойма, 1869 жылы салынған теміржол бекеті, жасанды тоған, артезиан мен бокситтің кен орындары бар.

Қала сайтындағы ақпаратқа сәйкес бұрынғы иелері шаһарды сенімді қолға өтеді деген үмітте. Сатып алушы қаланың бірегейлігі ұғынып, тарихи жәдігерлерін сақтап қалуы тиіс. Сатушылардың ойынша қаланы туристік орталық ретінде дамытып, ашық аспан астындағы музей жасаған дұрыс. Сондай-ақ қалада түрлі фестивальдер өткізіп, кинофильмдердің түсірілімі үшін қолдануға да болады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз