Байбек алматылықтарды қала күнімен құттықтады

0
545
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылықтар қала күнін үлкен қуанышпен атап өтіп жатыр. Қала күніне орай Алматыдағы ҚР президенті саябағында, Almaty Arena алаңы алдында, Абай және “Астана” алаңдарында, Көк-төбедегі Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Apple Fest» алмалар фестивалі өтуде. 

Алматы қаласы әкімдігі таратқан ақпарға сәйкес, әкім Бауыржан Байбек алматылықтар мен келген қонақтарды атаулы мейраммен құттықтады.

“Алматыны  өмір сүру сапасы бойынша әлемнің үздік мегаполисінің бірі ету үшін Елбасының тапсырмасымен біз қалалық ортаның жүйесін түрлендіруді қолға алдық”, – деген қала әкімі “Адамдарға арналған қала” жобасы аясында тарихи орталықтар 60 %-ға жаңғыртылғанын, жаяу жүргінші көшелерінде  кәсіпкерлік құрылып, жұмыс орындары ашылып ел экономикасына жұмыс істеуде екендігін алға тартты.

Алматы қаласы әкімдігі

“Алматылықтар қаланың қай бөлігінде де тең дәрежеде өмір сүруі  қажет. Сондықтан, полиорталық ұстанымына орай барлық аудандар дамып жатыр. Алматылықтар жолдарының қауіпсіздігі мен тазалығына баға берді. Әрбір үшінші аула көгалдандырылған, 500-ге жуық көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді, саябақтар мен бақтар жаңартылуда, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда, қаланың түнгі келбеті 130 тарихи ғимараттың архитектуралық жарықтандыруымен өзгертілді“, – деген Б. Байбек тұрғындар мен қонақтарды қала күнімен құттықтады.

Алматы қаласы әкімдігі

Салтанатты іс-шара аясында “Алматы қаласының құрметті азаматы” атағымен Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел елші Ақмарал Арыстанбекова, ҚР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев және ғалым-әдебиетші Серік Қирабаев марапатталды.

Алматы қаласы әкімдігі

Қала күні құрметіне ҚР президенті саябағында ең ұзын құрақ көрпе бойынша Гиннестың рекордтар кітабына жаһандық рекорд орнату мен таныстырылым өтіп жатыр. Құрақ көрпе саябақтың бар аумағына жайылған, ұзындығы – 10 900 метр. Атап өтерлігі, көрпені тігуге барлық қала тұрғындары мен қонақтары ат салысқан, наурыз айынан тігіле бастады.

Қала күнін атап өту Almaty Arena сарайында «B-DAY Party» мерекелік концерті және сағат 21:00-де “Астана” алаңындағы от шашумен тәмамдалады.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз