24 қазан – Кітапханашы күні: Қазақстанда қанша кітапхана бар?

0
115

Қазіргі таңда елімізде 11 000 жуық кітапхана бар және ондағы кітап саны 73 000 000. Бұл туралы ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Бораш Қуат Қаһарманұлы мәлімдеді, деп хабарлайды kazaknews.kz. 

Қуат Қаһарманұлының айтуынша, кітапханалардың 79 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Және оқырмандар саны жыл сайын өсіп, қазіргі таңда 9 500 000-нан асты.

«Баршаңызды әуелі еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі Республика күнімен құттықтаймыз. Осы мерекенің қарсаңында еліміздің барша кітапханашылары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Осы мәртебелі мамандық иелерін, әріптестерімізді төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне жеміс, отбасыларына бақты білейміз», – деді Қуат Қаһарманұлы кітапханашы күніне арналған брифингте. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз