Астанада «INFOMATRIX-ASIA» – халықаралық жарысының жеңімпаздары марапатталды

1
315

Астанада үш күнге жалғасқан «INFOMATRIX-ASIA» – халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өз мәресіне жетті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жəне «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған білім сайысына 5 мемлекеттен 450 оқушы қатысты. Олар алты секция бойынша жоба қорғады. Нәтижесінде әр секция бойынша жеңімпаздар анықталып, медаль мен мадақтама табысталды. Ал оза шапқан ерекше жобаларға СДУ, КБТУ, АУЭС секілді еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының гранттары табысталды.

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының басшысы Дархан Өте, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшысы орынбасары Айгүл Әкімгерейқызы, Skillset цифрлық технологиялар мектебінің директоры Қанат Қожахмет жеңімпаз иегерлерін марапаттап, арнайы гранттар табыстады.

Айта кету керек, «INFOMATRIX-ASIA» – халықаралық компьютерлік жобалар жарысы Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында 20 мемлекеттен 5000 жуық қатысушы келді. Жарыстан үздік шыққан жүлдегерлер əлемдік жəне елдің маңдайалды ЖОО гранттарына ие болды. 

Бағы мен бабы қатар шауып, грант иегері атанған қатысушының бірі Тараз қаласынан келген Егісинова Дания. Ол математика бағыты бойынша қатысып, ерекше бағдарламалау жүйесін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша КБТУ грант иегері атанды.

Жарыс демеушілері:

– “Astana Hub” IT-стартаптардың халықаралық технопаркі” корпоративтік қоры;

– Sergek Projects жеке компаниясы;

– Documentolog Global Limited жеке компаниясы жəне IT CEO Club Бизнес клубы. 

1 ПІКІР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз