Қазақстандық оқушы Кембридж университетінің студенті атанды

0
1,285
Данат Дүйсенбеков

Нұр-Сұлтандағы Spectrum халықаралық мектебінің түлегі Данат Дүйсенбеков Кембридж университетінің студенті атанды. Бұл жөнінде мектептің баспасөз қызметі хабарлады. 

26 тамыз күні “Білім-инновация” ХҚҚ ұйымдастырған халықаралық білім олимпиадаларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Данатқа осы жылы IMO (International Mathematics Olympiad) жарысынан күміс медаль жеңгені үшін шет елде 5 жұлдызды қонақ үйде бір апталық демалысқа жолдама берілген.

Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы Жұмабек Жанықұлов және “Білім-инновация” Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте олимпиада жүлдегері Данат Дүйсенбековты марапаттап тұр. Нұр-Сұлтан, 26-тамыз.

Ол сонымен қатар АҚШ-тағы University of Michigan, Georgia Tech, UC San Diego, UC Santa Barbara атты төрт университеттен де шақырту алған.

Данат Дүйсенбеков ұстазы Муаммер Гүл және ол 11-сыныпқа дейін білім алған Нұр-Сұлтан “Білім-инновация” лицейінің директоры Эльбрус Пириев және IMO күміс жүлде иегері Фетуллах Сам.
Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсімі. Ортадағы Данат Дүйсенбеков.

Данат Дүйсенбеков бірнеше жыл бойы көптеген халықаралық математика олимпиадаларының жеңімпазы атанған. Мысалы, IMO (2019, 2020) – 2 орын; Азия Тынық мұхит математика олимпиадасы 2019, алтын (2018-2020); Балқан математика олимпиадасы (2017-2019); Жібек жолы математика олимпиадасы -1 орын және т.б.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз