Қазақстандықтар дүниежүзілік робот сайысында жүлдегер атанды

0
64

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткен робототехника бойынша дүниежүзілік “World Robot Olympiad” олимпиадасында жеңімпаз атанды.

Сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды. Олар:

2 орын (күміс) «Future Engineers» категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Ансар Саурбаев және Амир Карабаев;

3 орын (қола)  «Robo Mission» категориясында Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров;

3 орын (қола) «Future Engineers» категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс-фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз