Сирияда 10 жыл жүрген қазақстандық содыр елге қайтарылды

0
26

10 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2013 жылдан бастап Сирияда, террористік топтар құрамында болған қазақстандықты елге жеткізді.

Қазақстан азаматы, радикалдық идеялардан көңілі қалып, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартқан. Сөйтіп, Сириядан Түркияға өтіп, отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкен.

Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексерілуде.

Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз