Еліміздің барлық мектебінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді

0
76
фото: Bilim-all.kz

17 қарашада еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді. Оқушылар «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнайды.

Челлендждің мақсаты – білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.

«Бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған», – дейді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады деп күтіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз