Білім министрлігі “өзін-өзі тану” пәніне байланысты мәлімдеме жасады

0
1,683

17 ақпанда білім және ғылым министрлігі “өзін-өзі тану” пәнін алдағы оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыруды қарастыру үшін жоба енгізілгенін хабарлады.

“Білім және ғылым министрлігіне бұл пәнді білім бағдарламалары тізімінен шығару туралы ұсыныстар келіп түсіп жатқаны рас. Қазіргі уақытта ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді”- делінген хабарламада. 

Яғни, қыркүйектен бастап «Өзін-өзі тану» пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып жатырғаны хабарланды. Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізілетін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз