Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

0
447
Ғани Бейсембаев.

18 наурызда Ғани Бейсембаев білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

52 жастағы Ғани Бейсембаев Қызылорда өңірінің тумасы. 1990 жылдан бері білім саласында қызмет етеді. Әр жылдары қазақ тілі мұғалімі, мектеп директоры, білім бөлімінің басшысы болған. “Оқулық” республикалық ғылыми-практикалық орталығын басқарған.

2020 жылдың 28 желтоқсанында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті қызметіне тағайындалған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз