Биыл колледждерде білім алу үшін гранттар саны 45 мыңға артады

0
219
photo: 24.kz

7 сәуірде білім және ғылым министрлігі биыл колледждерде білім алу үшін гранттар саны 45 мыңға артып, жалпы 125 мың грант бөлінетінін хабарлады.

“Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арнайы гранттар қарастырылған, ол үшін «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізілді, енді көп балалы отбасылардан шыққан балаларға – гранттардың 5%, толық емес отбасылардан шыққан балаларға – 1%, физикалық мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылардан шыққан балаларға-1% бөлінуі көзделген”- делінген хабарламада.

Өткен жылы колледждерге қабылдау 10 мыңға артып, 166 мың адамды құрады. Оның ішінде 93 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыс бойынша (тегін оқуға) түсті, соның ішінен 67%-ы квоталық санаттар бойынша өтті (61,9 мың адам).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз