Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады?

0
297
Күнтізбе. Көрнекі сурет.

Қазақстандықтар көктемнің соңғы айында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күнін атап өтеді. 

1 мамыр жексенбіге келгендіктен, тағы бір демалыс күні ретінде 2 мамыр қосылады. Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр сенбіге келеді, сондықтан тағы бір демалыс күні 10 мамырға ауысады.

Ал қазақстандықтар 9 мамыр – Жеңіс күнінде бірден төрт күн, яғни 7-10 мамыр аралығында демалады.

Осылайша келесі айда, аптада бес күндік жұмыс жасайтындар 12 күн демалады, ал алты күндік жұмыс жасайтындар 8 күн демалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз