Жамбыл облысының әкімі ауысты

0
461
Нұржан Нұржігітов.

7 сәуірде Жамбыл облысының әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады. 

Аймақты 2020 жылдың ақпанынан бастап басқарған Бердібек Сапарбаевтың қандай қызметке ауысқаны әзірге белгісіз. Ол Жамбыл облысының әкімі болып Қордай қақтығысынан кейін тағайындалған.

55 жастағы Нұржігітов былтыр сәуір айынан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған. Оған дейін 2019 жылдың тамыз айынан бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі, ал 2018 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз