Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
⠀
Биыл ҰБТ-ға қатысуға 131 471 талапкер өтініш білдірген. Оның 111 017-сі мектеп түлектері, 20 454-і колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері.
⠀
ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан астам өтініш онлайн түрде берілген.
⠀
Сондай-ақ, Қазақстан азаматы емес алайда ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген талапкерлер үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды.