Енді ҰБТ сертификатын еGov mobile арқылы алуға болады

0
22
photo: mtrk.kz

eGov mobile қосымшасында «Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты» деп аталатын жаңа цифрлық құжат іске қосылды. Енді ҰБТ сертификатын eGov Mobile арқылы электронды түрде алуға болады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

ҰБТ сертификаты, пайдаланушының тестілеуде әр пән бойынша жинаған ұпайы туралы ақпаратты қамтиды.

Цифрлық сертификатқа, Ұлттық тестілеу орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, бұл оның дерегінің растығына және қауіпсіздігіне кепіл береді.

Қосымшада ҰБТ сертификатының бірнеше түрін алу мүмкіндігі ескерілген. Мысалы, бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда бірыңғай тестілеу балдарына ауыстыруға болатын IELTS, TOEFL халықаралық сертификаттарының балдары мен  IB, ACT, SAT, A-Level сияқты халықаралық стандартталған тестілердің нәтижесі есептеледі.

Сонымен қатар, ҰБТ сертификатының ерекшелігі ақылы бөлімде оқуға немесе мемлекеттік білім беру бағдарламаларына қатысуға үміткерлерге және НЗМ  түлектеріне байланысты.

ҰБТ сертификатын алу үшін:

  1. Қосымшаға кіріп, басты бетте «Сандық құжаттар» деген бөлімді таңдау;
  2. Құжаттар тізімін жаңартып, сертификатты алу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ сертификатының мерзімі құжатта көрсетілген. Егер жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, онда сертификат сандық құжаттар тізімінде көрсетілмейді. Сертификат иесі оны QR код арқылы ала отырып, құжатты сұратқан тарапқа оның түпнұсқалығын тексертуіне болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз