Францияда тегін оқитын қазақстандық магистранттар мен докторанттардың саны тағы да артады

0
66

Бұл туралы бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция президенті Эммануэль Макронды қарсы алу сәтінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды kazaknews.kz.

Министрдің айтуынша, Францияда тегін оқуға арналған бағдарлама аясында осы күнге дейін 30 грант беріліп келсе, бүгінгі келіссөздерден соң оның саны 45-ке дейін артады. Сонымен қатар, ғылыми тағылымдама бағдарламасы да кеңейтіле түседі. 

«Абай-Верн» деген арнайы оқу бағдарламамыз бар. Жыл сайын отыз грант беріледі. Француз тарапынын біздің магистранттар мен докторанттардың оқуына. Сол бағдарламаны кеңейтеміз. Гранттардың санын қырық беске дейін ұлғайтамыз. Екіншіден, «Болашақ» бағдарламасының аясында да біздің зерттеушілерімізді Францияның ЖОО-ға жіберу мүмкіндігін кеңейтеміз. 13Францияның жетекші университеттері қосылады. Тағы да президентіміздің бастамасымен басталған 500 ғылыми тағылымдама бағдарламасы да кеңейтіледі. Францияның алты ғылыми жетекші ғылыми зерттеу зертханалары біздің тізімге қосылады. Қазіргі таңда біздің сегіз адамымыз сол жақта тағылымдамадан өтуде»,-деді С.Нұрбек.  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз