14 мың есеп шығардым – әлемнің үздік математигі атанған қазақстандық оқушы

0
321

Астанадағы «Нұр Орда» мектебінің 3 сынып оқушысы Әли Насырбек жуырда жыл сайын өтетін Copernicus Olympiad сайысынан бірінші орын алып, әлемнің үздік математигі атанған еді. Әли kazaknews.kz редакциясына аталған жарыста топ жару үшін қалай дайындалғанын айтып берді. 

Айтуынша, бірінші сыныптан бастап сынып жетекшісімен және өзі секілді математикаға қызығатын он шақты оқушымен бірге дайындалған. Сонымен қатар, күн сайын баланың деңгейіне қарап, арнайы тапсырмалар берілетін онлайн бағдарлама арқылы есептер шығарып отырған. Мәселен, бүгінге дейін аталған бағдарламада 14 мың есеп шешіпті. 

«Бұл приложение өте ыңғайлы. Көп уақытыңды алмайды. Күн сайын миыңды жаттықтырып, жаңа есептер үйренесің. Әсіресе, қазір каникул кезінде есептерді ұмытып қалмауға жақсы. Он мың есеп шығарған кезде аталған бағдарлама мені арнайы құттықтап, сертификат жіберді. Енді 20 мың есеп шығарғым келеді», – дейді Ә.Насырбек. 

Айта кетейік, Әли математикамен қатар домбыра үйірмесіне қатысады. Қазіргі таңда онға жуық күй ойнай алады. Сондай ақ, каратэге қатысып, қалалық біріншіліктерде жүлдегер атанып жүр. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз