“Алтын белгі” үміткері тестілеуде төмен нәтиже көрсетсе, мектеп басшылығы жұмыстан кетуі де мүмкін. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
“Биыл «Алтын белгі» иегерлерінің тестілеу нәтижесіне талдау жасаймыз. Мұны ұлттық тестілеу орталығы жасауы керек. Мысалы, оқушы «Алтын белгіні» алып, шекті балл жинамаса, мектеп басшылығын жауапкершілікке тартамыз”, – деді министр Аймағамбетов аппарат жиынында.
Аймағамбетов білім басқармалары мен бөлімдерінің осы мәселені назар аударуын ескертті.
“Ертең естімедік, білмедік деген мәселе болмасын. Мектептің басшылығы осы мәселе бойынша тікелей жауапкершілікке тартылып, жұмыстан шығаруға дейін барамыз. Соған дайын болыңыздар”, — деді ведомство басшысы.